Жамбыл облысында 35 тоннадан астам қарасора жойылды
Жамбыл облысында 35 тоннадан астам қарасора жойылды
1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Соған орай, өңірде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде есірткінің жоюға қатысты көшпелі комиссия құрылған болатын. «17 тамызда «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының құмға жақын аумағында 5,5 гектар алқапты шауып, кейіннен өртеу арқылы 5 тонна 102 келі жабайы қарасораны жойды», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, хабарламада, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылғандығы жазылған.