Жамбыл облысында 48 815 адам ревакцинациядан өткен
Жамбыл облысында 48 815 адам ревакцинациядан өткен
Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылып, аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейтуге жұмыстары сараланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, жалпы бүгінге дейін облыс аумағында COVID-19 вирусының 22 785 жағдайы, пневмонияның – 8348 жағдайы тіркелген.