Жамбыл облысында 486 қызметкердің еңбек құқығы қорғалды
Оның ішінде денсаулық сақтау саласының мамандары да бар
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына байланысты Жамбыл облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуде,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мысалы, Жамбыл ауданының прокуратурасы 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында орталық аудандық аурухананың 700 қызметкерінің 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағанын анықтаған.