бейсенбі, 14 қараша, 2024 20:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 500-жуық мас жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында 500-жуық мас жүргізуші ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 500-жуық мас жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді Жанат Сүлейменов жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ЖКО-ның саны 19%-ға артқанын атап өтті. Көптеген авариялар жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Әрбір төртінші ЖКО жылдамдық режимін бұзумен байланысты, ал әрбір бесінші ЖКО транзиттік көліктің қатысуымен болады. Жамбыл облысының аумағы арқылы тек бір тәулік ішінде 9 мыңнан астам транзиттік автомобиль, оның ішінде 8 мың жеңіл және 1 мың жүк көлігі өтетінін жеткізді. Сонымен қатар облыс автопаркіндегі көлік санының өсімі 10 жылда 23%-ды құрайды. «Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың анықталуы екі есеге артты, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 500-ге жуық жүргізуші ұсталды. Мас жүргізушілер сот шешімімен жүргізуші құқығынан айырылады. Автожолдардағы апаттылықтың өсуіне ықпал ететін себептерді жою мақсатында облыс әкімдігінің автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасымен және Жамбыл облысы бойынша «Қазавтожол» акционерлік қоғамының филиалымен бірлескен кеңес өтті»,-деді департамент бастығы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар