Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 53 білім мектеп «Starlink» желісіне қосылды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2024
- 350
Облыстағы мектептерді интернетпен қамту үшін биыл 635 млн теңге бөлінген
Биыл Жамбылдағы 445 мектептің барлығы интернет желісімен қамтамасыз етуге 635 887 709 теңгеге келісім шарт жасалған. Оның 12 мектебі 20 мбит/с дейінгі, ал 433 мектебі 20-150 мбит/с жылдамдықта қосылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директорының сөзінше, бүгінгі күні 12 мектептің интернет жылдамдығын көтеру үшін облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр екен.
- 2023 жылы облыстағы 446 мектептің 281-і 20 мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Ал 165 мектептің интернеті 20 мбит/с-тан төмен болатын. 165 мектептің интернет жылдамдығы 20 мбит/с және одан жоғары көтеруге 165 мектепке техникалық мүмкіндіктер қарастырылып, жергілікті бюджеттен қосымша 61,8 млн.тг қаралған. 50 млн. 095 мың теңгеге келісім шарт жасалып, 142 мектептің интернет жылдамдығы көтерілді,- деді Сағадат Бесінбаев.