Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім сотталды
Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындаған жоқ.
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысының өліміне кінәлі кәмелетке толмаған үш адам сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдың 30 сәуірінде Байзақ ауданы Кұмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы қайтыс болды. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушылар сегізінші сынып оқушыларын мектептің әжетханасына жинап, олардың бағынуын талап етіп, кеудеге жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан жасөспірімнің кеуде тұсынан ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болған.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
.