Жамбыл облысында агродрон шығару жобасы іске асырылуда
- авторБақытжан Бекболат
- 15 тамыз, 2025
- 468
Жамбыл облысында алғаш рет агродрондар шығаратын агроқұрылымның жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Компания биылғы жылы 50–60 агродрон құрастыруды жоспарлап отыр. Келесі жылы бұл сан 150-ге дейін жеткізілмек. 2026 жылға қарай облыстағы 10 мың гектар егістік алқабына бүрку қызметін іске қосу көзделуде. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгені құрайды.
Агродрондар дәстүрлі бүріккіштерден ерекшеленеді. Олар егістіктің жай-күйін бақылап, вегетация карталарын жасай алады. Мұндай технология өнімділікті арттыруға, ресурстарды – су, тыңайтқыштар мен жанар-жағармайды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тыңайтқыштарды дәл әрі тиімді енгізуге жағдай жасайды.
Серіктестік жұмысымен танысу барысында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек инвестормен пікір алмасты. Әкімдік өкілі жобаны іске асыруға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.






