Жамбыл облысында агродрондарды құрастыратын кәсіпорын іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 тамыз, 2025
- 404
Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында "UNICROP"ЖШС агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосылды. Мұнда жылына 500-1000 агродрон құрастырылады.
Агродрондар арқылы егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылауға болады.
"UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025





