Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған азамат сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025
- 266

Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы мәлімдеді.
Байзақ ауданы тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
“Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды”, – делінгенн прокуратура хабаламасында.
Соттың 2025 жылғы 10 маусымдағы үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енбеген.
Келесі мақала