Жамбыл облысында қатты жаңбыр жауады – Қазгидромет
19 наурыз күні Жамбыл облысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. Қазақстанның өзге де аймақтарында да жауын-шашын болжанып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жалпы, республика бойынша қатты жел соғып, тұман түседі. Әсіресе, солтүстік және орталық аймақтарда жел күшейіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарда найзағай ойнайды деген болжам бар.
Солтүстік өңірлерде күн суытып, түнде ауа температурасы минус 18 градусқа дейін түссе, оңтүстік өңірлерде түнде −10, ал күндіз +18 °С дейін жылынады деген болжам бар.