Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
Синоптиктердің мәліметінше, 26 қыркүйек күні Жамбыл облысының кей аудандарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Облыстың оңтүстік және таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Сонымен қатар, түнде және таңертең таулы аудандарда тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz