сәрсенбі, 2 қазан, 2024 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды

Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды. «Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтық және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын еске салады. Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, «102» арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар