Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 73 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
4 тұлғаға айыппұл салынғаны белгілі
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 73 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылған.
Тағы 27 ұйғарым бір жыл мерзімге Жер ресурстарын басқару комитетіне жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін берілді, жерді мақсатсыз пайдалануға жол берген 2 жер пайдаланушыға ұйғарым 3 ай мерзімге берілді.