Жамбыл облысында ауылдық клубтар арасында «Ауыл-Club» Art-тимбилдинг өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 маусым, 2025
- 202

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында «Ауыл-Club» Art-тимбилдинг өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Екі күнге жалғасқан іс-шарада қатысушылар концерттік бағдарламалар ұсынып, мәдениет үйлерінің шығармашылық жұмысын таныстырды. Сонымен қатар, командалар интеллектуалдық және шығармашылық байқауларға қатысып, өнер мен тапқырлықтарын көрсетті.
Қазылар алқасы кәсіби шеберлік пен командалық үйлесімділікке мән беріп, үздік командаларды анықтады. Нәтижесінде:
Бас жүлде – Талас ауданына
І орын – Байзақ ауданына
ІІ орын – Меркі ауданына
ІІІ орын – Сарысу ауданына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай марапаттады. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен командаларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.