Жамбыл облысында балаларды психологиялық қолдау орталығы ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 мамыр, 2024
- 549
ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен Павлодар және Жамбыл облыстарына Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасарлары шұғыл жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аталған өңірлерде білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша бірқатар іс-шаралар өтті.
“Атап айтқанда, министрлік өкілдері оқушылардың отбасыларымен және білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті. Облыс басшылығымен және мектеп директорларымен бірлесіп мектептерде қауіпсіздік шаралары мен психологиялық-педагогикалық жұмыстарды күшейту бойынша кеңестер өткізілді. Әр облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді”, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар қорытындысында Жамбыл және Павлодар облыстарында Психологиялық қолдау көрсету орталықтары ашылды, олар педагог-психологтар үшін тірек-орталыққа және ата-аналар мен балалар көмек сұрап жүгіне алатын орынға айналады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз