Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қараша, 2021
- 144
Жамбыл облысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері рейд барысында 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны басқа отбасыға тәрбиелеуге заңсыз берген. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады», - делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шара барысында профилактикалық есепке «жеңгетайлықпен» айналысқан бір адам және жезөкшелікпен айналысқан алты әйел қойылды. Олардың бірі Алматы қаласында іздеуде болған, осыған байланысты Алматы қаласына жіберу үшін тергеу изоляторына қамалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024