Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды

Дәурен Колкаев, Ералы Сансызбаев марапатпен қатар ақшалай сыйлыққа ие болды

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин өңірде ерлігімен көзге түскен бір топ полиция қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оларды марапаттау туралы бұйрыққа Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қол қойған. Осылайша, қызмет бабындағы ерлігі үшін Дәурен Колкаев пен лейтенант Ералы Сансызбаев, Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошкаевқа, инспекторлар Елжас Болат, Әділет Тойжігіт, Дидар Нәбиевтер алғыс хат алды. 

Сонымен  қатар, 2024 жылғы 13 мамырда Тараз қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі өрт ошағын жойып, әйелді және оның 5 кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шыққан полицейлер де марапат алды. Олар ПД басшылығының атынан алғыс хатқа ие болды.