Жамбыл облысында биыл 17 миллионнан астам ағаш отырғызылады
Жамбыл облысында биыл 17 миллионнан астам ағаш отырғызылады
🔰 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы» кешенді жоспары бойынша облыс аумағында 140,8 млн. дана ағаш көшеті отырғызылады деп көзделген. 📍 Аталған жоспар аясында 2021-2022 жылдары 35,1 млн.дана ағаш отырғызылды. Ал, 2023-2025 жылдары 105,5 млн ағаш отырғызылмақ. Оның 16 миллион 655 мың көшеті биыл егіледі. Көшеттердің арасында сексеуіл, қарағаш және тағы да басқалары бар. 🔹 Сондай-ақ, облыс аумағын абаттандыру және санитарлык тазалық жөніндегі көктемгі екі айлық аясында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. ✅ Ағымдағы жылдың 4 және 11 наурыз жұлдыздарында сенбіліктер өткізілген. Оған облыс бойынша 8700 адам қатысып, 301 тонна қалдықтар жиналды. Жалпы тазаланған аумағы 72,2 гектарды құрайды.