жексенбі, 17 қараша, 2024 21:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 000 теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 000 000 теңге көлемінде ақша талап еткен. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 000 теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты "ешқайда кетпеу туралы" бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның серіктесіне қатысты "ешқайда кетпеу туралы" бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар