Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында дауылдық ескерту жарияланды

Жамбыл облысында дауылдық ескерту жарияланды

Дауылдық ескерту «Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, тәулік бойы 30 қарашада, түнде 01 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, таңертең және күндіз 30 қарашада, түнде 01 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30 қарашада-01 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 30 қарашада, түнде 01 желтоқсанда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.