Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қаңтар, 2026
- 1
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"2026 жылғы 15 қаңтар сағат 22:40-тан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автожолының 160-268 шақырым аралығында (Бірлік ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.
Жолды 2026 жылғы 16 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған", – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.





