Жамбыл облысында көптен күткен көпір пайдалануға берілді
Жамбыл облысында көптен күткен көпір пайдалануға берілді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысында Қойгелді-Ерназар бағытындағы автожол бойындағы жаңадан салынған көпір пайдалануға берілді. Талас және Жамбыл аудандары арасындағы жол қатынасын реттеудегі маңызы зор көпір құрылысы – тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын. Нысанның ашылуына аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.
Айта кетейік, құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған көпірдің жұмыстарын мердігер «Югдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Ал, күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қойгелді-Ерназар автожолының бес шақырымдық бөлігі келер жылы толығымен пайдалануға тапсырылмақ.