Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды жүруде
- авторjambylinfo.kz
- 1 қараша, 2021
- 179
Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды жүруде
Жамбыл облысында күздік дала жұмыстары қызу жүруде. Келер жылдың өніміне 152,7 мың гектар алқапқа күздік дақылдар егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 147,7 мың гектар күздік дақылдар егуге егістік жер дайындалып, жоспар 96,7 пайызға орындалып отыр. Нақты айқанда 118 782 гектар алқапқа күздік бидай себілген, бұл жоспардың 77,8 пайызын құрайды.
«Сапалы өңделген топырақта ғана дақылдың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады, дейді сала мамандары. Сондықтан астықты молынан өндіру мақсатында байзақтық диқандар сүдігер жыртып, тыңайту жұмыстарын жүргізіп жатыр 2022 жылдың өнімі үшін 231,2 мың гектар сүдігер жыртылып, жоспар 53,6 пайызға орындалып отыр»,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.
Жалпы, өңірде азық-түлікпен қамту жұмыстары қызу жүруде. ағымдағы жылы жамбылдық диқандар мол өнімге қол жеткізді. Биыл облыс бойынша 378,2 мың гектар дәнді масақты дақылдар орылып, барлығы 465,9 мың тонна дән бастырылды. Сонымен қатар, 269,6 мың тонна картоп, 483,3 мың тонна бақша дақылдары, 1 762,0 мың тонна көкөніс, 129,4 мың тонна дәндік жүгері, 42,2 мың тонна майлы дақыл жиналған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Барлық өнімділік көрсеткіштерінде өткен жылмен салыстырған өсім бар.
Облыс бойынша қолданыстағы 236 қойманың сыйымдылығы 255 954 тоннаны құрайды. Биыл жалпы сыйымдылығы 13,0 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылса, 74,5 мың тонна өнімді сақтауға қауқарлы 5 қойманың құрылысы жүзеге асуда.
Жалпы облыста 2 миллион тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдердің өндіріс көлемдері облыстың ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңге қажет ететін көкөніс өнім көлемін облыстағы қоймаларда сақтауға толық мүмкіншілік бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024