бейсенбі, 1 мамыр, 2025 5:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
Фото: gov.kz
Бұл шаралар үш кезеңнен тұрады, оның бірінші кезеңі 15 сәуірден басталады.

Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары 15 сәуірден басталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаев хабарлады.

Бетбаевтың айтуынша, өңірдегі 46 елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биыл 24 392 қора-жай мен 168 мың шаршы метр буферлік аймаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар үш кезеңнен тұрады, оның бірінші кезеңі 15 сәуірден басталып, екінші және үшінші кезеңдер тамыз-қыркүйек айларында атқарылады. Ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, залалсыздандыру жұмыстары үшін қажетті дәрі-дәрмектер толықтай сатып алынған, ал ветеринариялық станция 38 ветеринар мен 23 бірлік техникамен қамтамасыз етілген.

Өңірде кене шаққан адамдардың қан сынамасы теріс нәтиже көрсеткен, бірақ алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сапалы жұмыстарды қамтамасыз етуге, механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге және мектеп оқушыларын кенеден сақтану жолдары туралы кеңінен ақпараттандыруды тапсырды. Сонымен қатар, мал базарлары мен қасапханаларда санитарлық нормаларды сақтау мәселесі де қатаң бақылауға алынады.

Кеңесте облыс әкімі елді мекендерді абаттандыру, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында атқарылатын жұмыстарға да назар аударды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар