Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы аймақтық кеңес құрылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 сәуір, 2025
- 809
Кеңес құрамына полиция қызметкерлері, журналистер, танымал спортшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен блогерлер енді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу мақсатында өңірлік кеңес құрылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл кеңестің басты міндеті – халықты есірткіге қарсы күреске тарту, алдын алу шараларын жетілдіру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды арттыру.
Кеңес төрағасы болып ПД бастығының бірінші орынбасары М. Қанапияев тағайындалды. Сонымен қатар, оның орынбасарлары ретінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы А. Жұмабеков пен Халықаралық Тараз университетінің ректоры М. Сарыбеков бекітілді.
Кеңес мүшелері алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын талқылап, негізгі бағыттарды анықтады.
Келесі мақала
Аса ауылында жаңа баспана кілттері табысталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Шуда өткен турнирде жуалылық бүлдіршіндер жеңіс тұғырынан көрінді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






