Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында неміс инвесторының құқығы қорғалды

Инвестор жер учаскесіне қатысты мәселеге тап болған

Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашумен 14,5 млрд теңгеге «Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы» ірі жобасын іске асыруды бастаған «КнауфГипсТараз» ЖШС неміс-қазақстандық өндірушісі жер учаскесін алу проблемасына тап болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвесторға зауыт салу және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 гектар жер беруден заңсыз бас тартқан.