Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 82 жоба іске асырылмақ

The final spritzer

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті

Жамбыл облысында  2025-2028 жылдар аралығында құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 82 жоба іске асырылып, кемінде 10 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жоспарланған ірі жобалардың бірі «ЕвроХим» компаниясының жаңа химиялық кешені.

 Жобаның құны – 1 млрд доллар. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқыштар өндіру және кемінде 1 200 тұрақты жұмыс орындарын ашу.