Жамбыл облысында «Қоғамдық қабылдау» тобы құрылды
Жамбыл облысында «Қоғамдық қабылдау» тобы құрылды
Мемлекет басшысының жергілікті биліктің халықпен кері байланысын нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында жаңа «Қоғамдық қабылдау» тобы құрылды. Топ құрамына 28 адам енген десек, олардың қатарында еңбек ардагерлері, зиялы қауым, БАҚ, этномәдени бірлестіктер өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері бар. Облыс әкімдігінде өткен кездесуде аймақ басшысы жұмыс тобының мүшелеріне сәттілік тілеп, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, басқармалар мен департаменттер оларға жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.
Бердібек Сапарбаев тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелер туралы дер кезінде хабардар боп отыру үшін маңызды екенін атап өтті.
Топ мүшелері түйінді түйткілдерді анықтау үшін аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездеседі. Облыс әкімі Мемлекеттік органдар жұмыс тобына қажетті ақпаратты уақытылы беріп отыру керектігін ескертті.
Топ мүшелерінің ортақ шешімімен Қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі болып «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев сайланды. Жиын барысында Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, Қазақстан Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, «АРСМИ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанна Мамашева да өз ойларын ортаға салды. Балнұр Жошыбаева.