Жамбыл облысында қоғамдық көлік қызметтері мен әуе қатынасы кеңейіп келеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 тамыз, 2025
- 547
2025 жылы өңірде жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 155 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде:
• 13 – облысаралық,
• 27 – ауданаралық,
• 72 – ауданішілік және ауылішілік,
• 43 – қалалық бағыттар.
Әлеуметтік маңызы бар 117 маршрутты субсидиялауға 6,8 млрд теңге бөлінді. Тараз қаласы бойынша қоғамдық көлік қызметін 8 тасымалдаушы мекеме көрсетіп, 360 автобус күнделікті желіде қызмет атқаруда.
2025 жылы:
• 10 жаңа автобус маршруты ашылды (8 ауданішілік, 2 қалалық);
• 8 елді мекенді қамтитын 4 маршрут ашу,
• Тараз қаласында қосымша 3 маршрут ашу жоспарланған.
Автопаркті жаңарту аясында 35 жаңа автобус жеткізілді, жыл соңына дейін тағы 72 автобус жеткізіледі.
Сонымен қатар, “Халықаралық Әулие-ата әуежайынан” Астана, Алматы және Атырау бағыттарына тұрақты рейстер орындалады. Билет бағасы:
• Тараз – Алматы:
• Тараз – Атырау:
Тараз - Астана рейстері коммерциялық бағыт ретінде жұмыс істеуде.





