Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында оқушы пневматикалық мылтықпен досын жарақаттады

Қаулы заңды күшіне енді.

 Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірім пневматикалық қарумен абайсызда досын жарақаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz сілтеме жасап. 

Жасөспірім достарымен бірге әкесінің пневматикалық мылтығын алып, аулада бөтелкелерді атып "жаттығу" өткізген. 

Алайда, оның айтуынша, бір оқ кездейсоқ атылып кеткен. Жәбірленуші нысананы түзеп жатқанда, ол шүріппеден саусағын алып үлгермеген. Оқ тура досының жақ сүйегіне тиген.

Абырой болғанда, жарақаты ауыр болмаған. Жәбірленуші сотта еш шағымының жоқ екенін айтты. Ал жасөспірім кінәсін мойындап, өкініш білдірген және ешкімге қасақана зиян келтіргісі келмегенін түсіндірген.

Криминалистің қорытындысы бойынша, "Cometa 300" маркалы пневматикалық қару спорттық жаттығу үшін арналған және атыс қаруы болып есептелмейді.

Жасөспірімнің кінәсі хаттамамен, қатысушылардың түсініктемелерімен, жәбірленушінің сөзімен және өзге де дәлелдермен расталған.

Қару иесіне, яғни жасөспірімнің әкесіне қайтарылды.