Жамбыл облысында орман алқабындағы жаңа газ кен орны игеріле бастайды

QazaqGaz компаниясы Жамбыл облысында Барханная газ кен орнын игеру жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатқанын мәлімдеді
Бұл кен орны орман қоры аумағында орналасқандықтан, оны игеру кезінде экологияға тигізер әсерді азайтуға бағытталған заманауи технологиялар қолданылатын болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әсіресе, газдың ауаға таралуын болдырмау және зиянды қалдықтардың мөлшерін бақылау басты назарда ұсталады. Кен орнын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар:
Амангелді кен орнында №142 ұңғыманы бұрғылауға дайындық басталды,
Айрақты кен орнында №108 ұңғыма бұрғыланып жатыр,
Анабайда №18 ұңғыманы бұрғылау аяқталуға жақын.
Биыл жалпы 11 ұңғыма бұрғылау көзделген. Сонымен бірге Малдыбай, Саяқбай және Қоғалы учаскелерінде сейсмикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстары жүргізілмек.