Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып кеткен

Абырой болғанда құтқарушылар әйелді аман-есен тапқан

Жамбыл облысы Жуалы ауданында алпыс жастағы әйел адасып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Құтқарушылар төрт сағат өткенде барып әйелді аман-есен тапқан.

«Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті. Әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан болатын. ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, оны 4 сағаттан кейін тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.