Жамбыл облысында салмағы 500 келі болатын әуе бомбасы табылды
Жамбыл облысында салмағы 500 келі болатын әуе бомбасы табылды
Жамбыл облысының құқық қорғау органдары Тараз маңындағы құмды аймаққа қауіпті әуе бомбасының қалай келгенін анықтап жатыр Жамбыл облысы полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Байзақ ауданының тұрғынынан құмнан табылған күдікті зат туралы хабарлама келіп түскен. Департаменттің баспасөз қызметі хабарламаға дереу жауап беріп, оны Байзақ аудандық полиция бөліміндегі әріптестеріне тапсырды. «Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына полиция департаментінің саперлері, ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.