Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Тоқаев мән-жаймен танысты
Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отардағы әскери бөлімде жүріп, ауырып, комаға түскен солдаттың ісіне назар аударды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.