Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында сауда айналымы 459 млрд теңгеге жетті

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  2025 жылдың қаңтар–маусым айларында облыстың жалпы сауда айналымы 459,0 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның ішінде бөлшек сауда көлемі 2,4%-ға өсіп, 258,3 млрд теңгеге жетті.

Сарапшылардың пікірінше, саудадағы өсім халықтың сатып алу қабілетінің артуымен, жаңа сауда нүктелерінің ашылуымен және ішкі нарықтағы сұраныстың тұрақты болуымен байланысты.