Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында сел қаупі бар мұздық көлдердің жай-күйі қандай
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2021
- 208
Жамбыл облысында сел қаупі бар мұздық көлдердің жай-күйі қандай
Жамбыл облысының мореналық көлдеріне әуеден зерттеу жұмыстары жүргізілді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облыстық пайдалану басқармасы» филиалының мамандары Қырғыз және Талас жоталарында теңіз деңгейінен 3306 м - 3612 м биіктікте орналасқан Жамбыл облысының сел қаупі бар мұздық көлдерін тексерді.
Бұл жұмысқа «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы жұмылдырылды. Алдымен Меркі ауданында орналасқан мұздық көлдер зерттелді. Атап айтсақ, Аспара өзені шыңындағы 10 көлге шолу жасалды. Зерттеу жұмысы ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ Eurocopter ЕС-145 тікұшағымен 2500-ден 3500 метр абсолюттік биіктікте жүргізілді. Сондай-ақ, Меркі, Астаукөл, Көккөл, Бұзылған көл, Сарыкөл, Қарақыстақ, Кіші, Шалсу, Көксай, Ақсай көлдері зерделенді.
Бұлардың басым бөлігі теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, немесе одан асатын биіктікте орналасқан. Кейбірі бастау көздерін тау шыңдарындағы мұздықтардан алады, ал кейбірінің бастау көздері мұздықтарға жақын маңда.
«Жүргізілген аэрошолу зерттеу жұмысы бойынша Талас жотасындағы сел қауіпті өзендер алабтарында мұздықтардың едәуір кемігені, мұздық көлдердің тартылғандығы байқалады. Бүгінгі күнге сел жүру қаупін тудырмайды, дегенмен тоқтаусыз жауған жауын-шашын әсерінен өзендердің деңгейлерінде өзгерістер күтілуі мүмкін», - дейді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ержан Әбдірәимов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда «Сергек» камералары орнатылып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024