Жамбыл облысында үш күнде 31 шетелдік елден шығарылды
Жамбыл облысында үш күнде 31 шетелдік елден шығарылды
Жамбыл облысының аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Үш күн ішінде жамбылдық полицейлер Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 82 шетелдікті анықтады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша ТМД-ның 31 азаматы елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін - 6 жұмыс беруші және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін - 123 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзғаны үшін Қордай ауданында ел азаматына қатысты бір қылмыстық іс қозғалған. «Полицейлер қолданыстағы заңнама аясында көші-қон ағынын реттеу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Бұл мәселе облыстың ПД басшылығының ерекше бақылауында» деп атап өтті ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.