Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2022
- 167
Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
Ағымдағы жылғы 28-30 қараша аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып, тәркіледі.
Тәркіленген қарулардың ішінде 2 ұсақ калибрлі "ТОЗ -16" және "ТОЗ-8" мылтықтары, "ИЖ - 56 Белка" қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар.
Мәселен, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр "МР-153" маркалы өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі "ТОЗ-16" маркалы мылтық, калибрлі "ИЖ-18Е" маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді.
Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр "ИЖ-18 ЕМ" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы атыс құралдарының орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Матрас өндірісі аймақ брендіне айналуда
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024