Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
Ағымдағы жылғы 28-30 қараша аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып, тәркіледі. Тәркіленген қарулардың ішінде 2 ұсақ калибрлі "ТОЗ -16" және "ТОЗ-8" мылтықтары, "ИЖ - 56 Белка" қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар. Мәселен, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр "МР-153" маркалы өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды. Сонымен қатар, 2022 жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі "ТОЗ-16" маркалы мылтық, калибрлі "ИЖ-18Е" маркалы бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді. Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр "ИЖ-18 ЕМ" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы атыс құралдарының орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.