Жамбыл облысында Социалстік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтың 100 жылдығы атап өтілді
Жамбыл облысында Социалстік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтың 100 жылдығы атап өтілді
Талас ауданы Үшарал ауылында Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР мал шаруашылығың еңбек сіңірген шебері, зоотехник-агроном Әбдір Сағынтаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. Бұл күні оның туған жерінде түрлі спорттық жарыстар, мәдениет үйінде үлкен концерт өтті. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты шараның ашылуында Әбдір Сағынтаевың көптеген аға буын – еңбеккерлері сияқты облыстың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Еңбек ерлері жас ұрпаққа үлгі болып табылады. ⁃ Талас ауданынан көптеген көрнекті тұлғалар шыққан. Жас ұрпақ өз халқының тарихын біліп өсуі, Әбдір Сағынтаев секілді батырларды ұмытпауы тиіс. Ол айтулы тұлға еді. 28 жасында Социалистік Еңбек Ері атағын алып, үш рет Ленин орденімен марапатталды, 28 жыл бойы асыл тұқымды қой совхозының директоры, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Осының бәріне ол өзінің еңбексүйгіштігінің арқасында қол жеткізді, - деп атап өтті облыс әкімі. Салтанатты шарада ақсақал Төлеген Оспанов пен белгілі зоотехник Қаржаубай Сағынтаев та орамды ойларын ортаға салды. Аймақ басшысы Үшарал ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияға да арнайы ат басын бұрды. Мұнда үш ауылдың тұрғындарына медициналық көмек көрсетілетін болады. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталған. Мердігер «НИК-Тараз» ЖШС. Компания нысанды осы жылдың желтоқсан айында тапсыруы керек. Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды.