Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 тамыз, 2025
- 613
Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық.
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйел толғатып, кенеттен босана бастаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.zakon.kz сілтеме жасап.
Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ "Шығанақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді, ол жерден Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасының сүйемелдеуімен орталық аудандық ауруханаға жіберілді.
Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмекті көрсетіп, аман-есен дүниеге ұл бала келді.Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды.
Медициналық топтың жедел әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында әйел жолда еш қиындықсыз босанды.
Келесі мақала
Жуалыда таза ауызсу өндіретін жаңа зауыт іске қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






