Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында тағы жер сілкінді

Дүмпудің есептік қарқындылығы нақтылануда

ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 сағат 56 минутта жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, бүгін түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінген еді.

Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.