Жамбыл облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 118 фактісі анықталды
Жамбыл облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 118 фактісі анықталды
Жамбыл облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 20 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. «Облыс аумағында табиғат қорғау полициясы мен жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 118 фактісін анықтады, оның ішінде балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін – 27, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін – 82, тіркелмеген жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін – 9 факт тіркелді», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.