Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында тоқтатылған пойыз жолаушылары үшін шұғыл желі іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 тамыз, 2021
- 163
Жамбыл облысында тоқтатылған пойыз жолаушылары үшін шұғыл желі іске қосылды
Жамбыл облысында нөсер жауын салдарынан теміржол көпірі шайылып кеткендіктен, алты жолаушылар пойызы тоқтатылды.
15 тамызда 19 сағат 10 минутта ТЖД кезекші қызметіне Шу ауданында, Аспара ауылынан екі шақырым жерде, қатты жауын-шашынның түсуінен теміржол көпірі мен автожол астындағы су өткізу құрылыстарында су ағыны пайда болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Салдарынан республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының ұзындығы 68 шақырым, ені шамамен 3 метр болатын бөлігі сумен шайылып кеткен. «Сондай-ақ, «Аспара-Шу» 3717 км қатынасындағы теміржол көпірінің тірек-негіздері жартылай шайылған. Теміржолдың екі желісі жабылып, пойыздар қозғалысы тоқтатылған. Жамбыл облысы ТЖ департаментінде штаб ұйымдастырылды және 87262 51 41 67 нөмірінде жедел желі ашылды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазавтожол» АҚ күшімен барлығы 42 адам және 17 техника жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Оқиға орнына ТЖД басшылығы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ( 8 адам және 3 бірлік техника) жетті. Жұмысты 16 тамызда таңертең аяқтау жоспарланған. Осыған байланысты келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі күтіледі: - No712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты бойынша; - No78 Маңғыстау - Алматы -2 бағыты бойынша ; -No42 Атырау-Алматы-2 бағыты бойынша; - No 23 Алматы -1 - Ақтөбе бағыты бойынша; - No 29 Алматы -2 - Атырау бағыты бойынша; - No33 «Алматы -2 - Ақтөбе» бағыты бойынша.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала