Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт болатын КЭС салынуда
Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт болатын КЭС салынуда
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданындағы «АЕК АСА» ЖШС күн электр станциясының құрылыс барысымен танысты. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталғанэлектр станциясының құрылысы2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жобалық қуаты – 50 МВт. Жоба аясында16 млрд. теңге инвестиция тартылуда. Жергілікті билік инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектесуде. 300 гектар жер бөлінген. Бас мердігер «RODINA» компаниясы (Украина). Жоба жетекшісі Денис Ткаченконың айтуынша күн электр станциясының құрылысына 170 адам тартылса, нысан іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бір айта кетерлігі, станцияға орнатылып жатқан электр өндіретін панельдер күн сәулесіне қарай арнайы механизімнің көмегімен қозғалып отырады. Мұндай заманауи қондырғы өңірімізде алғаш рет қолданысқа енуде.
Айта кетейік,Жамбыл облысындабаламалы электр қуатын өндіретін нысандардың саны 17-ге жетті. Олардың жалпы қуаты 388 МВт құрайды. Бұл нысандармен елдегі баламалы электр энергиясының 20 пайызы өндіріледі. Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Аса ауылдық округіндегі «Алел Агро» ЖШС құс фабрикасында болды. Жобалық құны – 1,2 млрд теңгені құрайтын, заман талабына сай салынған нысан арнайы қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда өндіріс толығымен іске қосылған. Облыс әкімі тұрақты жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындарды тарту керектігін баса айтты. Аймақ басшысы «АСА АГРО» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен де танысты. Жоба құны – 8 миллиард теңге. Мұнда жылына 21 мың тонна өнім шығару жоспарланған.
Бердібек Сапарбаев жергілікті билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.