Жамбыл облысындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі активтер 13 миллиард теңгеге артты

Ал, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 027 жоба қаржыландырылған
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Спикер 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 426 жұмыс орны құрылатын 141,6 миллиард теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр екен. «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік аландардың құрылысы жүргізілуде. Осы алаңдарды 2025 жылдың маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Ал, былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды несиелендіру» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Қосымша жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қарастырылған.
Бұл қаражатқа 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды:
4 жоба – сүт-тауар фермаларын салу бойынша;
6 жоба – көкөніс қоймаларын салу бойынша;
4 жоба – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
1 жоба – тамшылатып суару жүйелерін орнату.
Бүгінгі таңда 3 жоба жүзеге асырылды:
2 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
1 жоба көкөніс қоймасын қайта құру.
Ал, 12 жоба іске асыру сатысында тұр, оларды іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.