Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысындағы ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде
- авторjambylinfo.kz
- 10 тамыз, 2020
- 314
Жамбыл облысындағы ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде
Жамбыл облысында коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар ем алған стационарлар жабылуда. Соңғы науқастардың емделіп шығуына байланысты инфекциялық және провизорлық ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде.
Өңірде енгізілген карантиндік шаралар коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік берді. Оған дәлел ретінде КВИ және пневмониямен сырқаттанушылық деңгейі төмендеп жатқанын айтуға болады. Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы COVID-19 бойынша тіркелген жағдайлардың жалпы саны 3889-ді құраса, оның ішінде 1693-і (43,5%) коронавирус белгілерімен және 2196-ы (56,5%) симптомсыз. Барлығы 96 260 ПТР сараптамасы жүргізілді.
Барлығы 3091 адам емделіп, инфекциялық стационардан шығарылды. Бүгінде төсек-орын қорының жүктемесі 24,1 пайызды құрайды десек, онда 162 адам ем алуда. Провизорлық стационарларда 270 науқас жатыр. Ал 1486 адам үй карантиніне огқшауланған.
Соңғы пациенттің шығарылуына байланысты 7 тамызда облыстық аурухана базасында ашылған 300 төсектік инфекциялық стационар жабылды.
"27 маусымнан бастап 788 науқас ем алды. Мұнда барлық қажетті медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер болды. Ол науқастар барынша сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мамандар дезинфекциялық шаралар жүргізуде. Осы аптадан бастап халыққа шұғыл және жоспарлы көмек көрсете отырып, штаттық режимде жұмыс істеуге ауысамыз", - дейді бас дәрігер Абай Нұржанов.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 тамызы күні 5 наурыз - 18 маусым аралығында карантиндік стационар ретінде жұмыс істеген Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының базасындағы 150 төсектік инфекциялық стационар жабылды, ал 19 маусымда коронавирустық инфекциясы бар алғашқы пациенттерді қабылдады. Осы жерден 412 адам шығарылды.
8 тамыз 5 наурыздан 18 маусымға дейін карантиндік аурухана болып жұмыс істеген Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы базасында 150 орындық жұқпалы аурухана жабылды, 19 маусымда коронавирус инфекциясы бар алғашқы науқастар қабылданған бұл стационардардан 412 адам сауығып шықты.
Сондай-ақ, екі провизорлық стационар жабылуға дайындалуда. Олардың бірі 250 орынға арналған облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында орналасқан десек, онда 30 науқас емделуді аяқтамақ. Соңғы пациентті емдеу және дезинфекциялық іс-шаралар аяқталғаннан кейін медициналық ұйым жұмыстың негізгі профилін орындауға кіріспек.
Өңірде коронавирустық инфекцияның таралуы біршама тұрақтанғанына қарамастан, тұрғындар әлі де маска режимін, әлеуметтік арақашықтьқты, жеке гигиена мен дезинфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды күйінде қала бермек керек. Қол алысып, құшақтасып амандасудан, тойлар, саяхаттар мен кездесулерден бас тарта тұру – маңызды.
Бұл қарапайым, міндетті қауіпсіздік шаралары коронавирустық инфекцияның таралуын едәуір төмендетуі мүмкіндігін есте ұстаған абзал.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала