Жамбыл облысындағы дауыл: 50-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді
Жамбыл облысындағы дауыл: 50-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді
Жамбыл облысындағы қатты дауылдың салдарынан 49 адам медициналық көмекке жүгінді Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Тараз қалалық көп бейінді ауруханасына - 41 адам түрлі жарақаттармен жүгінген. 4-і - стационарға жатқызылды. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына - 4 бала түскен, оның 3 -і стацинарға жатқызылған. 1 бала амбулаторлы түрде ем қабылдауда. Байзақ аудандық орталық ауруханасына 4 адам, оның 1-еуі стацинарға жатқызылған, 3-і амбулаторлы ем қабылдауда.