дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы
Ағымдағы жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 40 жағдайы тіркелді, оның 14-і симптомдық, 26-ы симптомсыз. Атап айтсақ, Тараз қаласында 37-70 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6, Қордай ауданында 23-80 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6, Меркі ауданында 1947, 1966 жылдары тұрғындар арасында 2 сиптомдық жағдай анықталды. Барлық симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және правизорлық стационарларда ем алуда. Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, өткен тәулік ішінде Қордай ауданында 17 симптомсыз жағдай расталды. Науқастардың ең кішісі – бір жаста, ең үлкені - 63 жаста. Бұдан бөлек симптомсыз коронавирус Тараз қаласының 5 тұрғынынан, Шу ауданының 3 және Мойынқұм ауданының 1 тұрғынынан табылды. Олардың барлығы үй карантиніне алынды. Жалпы, ағымдағы жыылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3764 жағдайы тіркелсе, барлығы 3074 науқас емделіп шықты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар