Жамбыл облысындағы табиғи өрт оқшауланды
Өрттің жалпы аумағы 1800 гектарды құрайды
Күні кеше Меркі ауданының аумағында "Қазавиақорғау" РМҚК патрульдік тікұшағымен аэровизуалды ұшу барысында Сарғобы орман шаруашылығы аумағында өрт анықталып, бүгін оқшауланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бүгінгі ресми ақпаратқа сүйенсек, таңертең өрттің жалпы 1800 гектар аумағы оқшауланған. Өрт ошағының периметрі жыртылып жатыр.
Өртті сөндіруге 167 адам және 39 орман шаруашылығы техникасы, "Қазавиақорғау" РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінен 84 өрт сөндіруші мен 9 техника қосымша жіберілген.
Жағдай қиындаған жағдайға Алматы, Шымкент қалаларының ТЖМ топтары мен "Қазавиақұтқарудың" 2 әуе бортының дайындығы пысықталды.